Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бұрын жасалған 5 тонна рапстың ұрлығын анықтады

СҚО полицейлері бұрын жасалған бес тонна рапстың ұрлығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да “Астық” жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы кезеңі бастау алды. Егіс науқаны кезеңінде тұқымдар, ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектері, жанар-жағар май ұрланады. Іс-шара аясында диқаншылардың мүліктерінің сақтылығын қорғау полицейлердің ерекше назарында. 
Операция қарсаңында тәртіп сақшылары ауқымды даярлық жұмыстарын жүргізді. Бұрындары ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар тексерілді, дәнді-дақылдар егетін кәсіпорындардың басшылықтары және қауіпсіздік қызметтерімен өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Аталған жұмыс барысында Жамбыл ауданының ПБ қызметкерлері ауыл шаруашылық құрылымдарының бірінде тамыз айында жасалған ұрлықты анықтады. Жедел ақпарат бойынша, комбайншы сол жолы егіс даласында танысының “КамАЗ” автокөлігіне 5 тонна рапс артқан. Тексеріс кезінде аталған факті расталды. Аудандық ПБ жедел уәкілдері күдіктіні – Шал ақын ауданының 41 жасар тұрғынын ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Енді полицейлер ұрланған астықты өткізу жағдайларын анықтау үшін жұмыс жасауда. 

– Сондай-ақ сатып алушыны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастырылуда, – деп нақтылады Жамбыл ауданының ПБ бастығы Асан Мейрамов. Өкінішке орай, кәсіпорын жұмысшыларымен жасалатын ұрлықтар бірлі-жарым емес. Барлық автопатрульдер іс-шара аясында ұрланғандарды сату фактілеріне жол бермеуге бағдарланды – олар ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ілеспе құжаттарын тексереді. Дәл осы мақсатта жергілікті маңызы бар автожолдар арнайы құрылған мобильді топтардың бақылауына алынды. Диқаншылардың мүліктерін қорғау дәнді-дақыл егетін өңірде ерекше маңызды, бұл бағыттағы жұмыс СҚО ПД басшылығының ерекше бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру