Қызылорда тұрғыны көлік ұрлығын ашқан полицейге алғыс айтты
Қызылорда тұрғыны көлік ұрлығын ашқан полицейге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының атына жергілікті тұрғын тергеушіге алғысын білдіріп, хат қалдырды.
Қала тұрғыны Мадияр Төлеміс көлігін белгісіз азаматтар айдап әкетіп, өртеп кеткендігі жөнінде Полиция басқармасына келіп арызданған.
Тергеу әрекеттерін Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Ерболат Пірмағанбетов жүргізіп, оның қырағылығының арқасында қылмыстық іс бойынша жедел түрде шешім қабылданып, сот процесі де өткізілген.
Тергеу саласында қызмет атқарғанына үш жыл болған Ерболат осы кезге дейін бірнеше қылмысты ашып, халықтың алғысына бөленіп жүрген полицей. Осы қылмысқа тергеп-тексеру жүргізіп, істі соңына дейін апарып, өзінің нағыз маман екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Тәжірибелі тергеушінің қызметіне риза болған тұрғын оның құрметке лайық екенін атап өтіп, департамент бастығы Бектөре Сұлтанға және басқарма басшылығына алғысын білдірді.