Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны отбасылық мәселені шешуге көмектескен учаскелік полицейге алғыс айтты

Қызылорда тұрғыны отбасылық мәселені шешуге көмектескен учаскелік полицейге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының “отымен кіріп, күлімен шығып” жүрген учаскелік полиция инспекторларының жұмысы қауырт. Әмбебап маман саналатын полицей қызметінің көпке біліне бермейтін ауыртпалығы көп.

Ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларының адал қызметі үшін тұрғындар алғыстарын айтуда.

Мәселен, Қызылорда қаласының тұрғыны отбасы мәселесін шешуге көмектескен тәртіп сақшысы Ерлан Қарақбаевқа алғысын білдірді.

– Ішімдік ішіп, үйде жанжал шығарып, шаңырағымыздың берекесін алған ұлыммен қиындықтар болды. Мен өзіміздің аймақтық учаскелік инспектор Ерлан Қарақбаевтан көмек сұрадым. Қысқа уақыт ішінде ол барлық құжатты жинақтап, ұлымды емге жіберді, – дейді Ергешбаев көшесінің 82 жастағы тұрғыны З.Ибраева.

– Ерлан Ермағамбетұлы әрдайым тәуліктің кез келген уақытында көмекке келеді. Демалыс күндеріне қарамастан қоңырау шалып, жағдайымызды біліп, мұң-мұқтажымызды тыңдап, бейжай қарап өтпейді. Қарт адамдарға үнемі көмек көрсетеді, – дейді қарт ана.

Естеріңізге сала кетейік, қарапайым халықтың қайнаған тіршілігінің ортасында жүрген Ерлан бекітілген аймағында бірнеше мәрте тұрғындарға көмек көрсеткен.

ҚР ІІМ-нің “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен наградталды. 2012 жылдың 29 қыркүйегінде Бөкейхан көшесіндегі жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған қылмыскерлерді құрықтағаны үшін марапатталды. 

Сонымен қатар тәртіп сақшысы заңсыз есірткі айналымы, пәтер ұрлығы, алаяқтыққа байланысты ауыр қылмыстарды ашқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру