Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны полицейлерге әлеуметтік желі арқылы алғыс айтты

Қызылорда тұрғыны полицейлерге әлеуметтік желі арқылы алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны Гүлсім Аханова әлеуметтік желілер арқылы патрульдік полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. 20 қыркүйек күні түнгі сағат 03:30 шамасында Бөкейхан 62/1 мекенжайында орналасқан тігін шеберханасына белгісіз біреулер ұрлыққа түспек болған.

Аталған мекенжай бойынша қала тұрғындарының бірі Полиция басқармасының 102 арнасына арызданған. Аталған хабарлама бойынша мобильді топ дереу оқиға орнына жеткен. Жедел шараларын ұйымдастырған жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Бексұлтан Сейдулла мен учаскелік полиция көмекшісі, полиция лейтенанты Рамазан Сайманов ұрыны оқиға орнында құрықтады.

Қызметтеріне дән риза болған Гүлсім әлеуметтік желі полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру