Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері “Ата жолы” әдісін ұстанған “емшіні” жауапқа тартты

СҚО полицейлері “Ата жолы” әдісін ұстанған “емшіні” жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іс-шара барысында СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған “Ата жолы” культтік-мистикалық ағымның әдісі бойынша “емшілікпен” айналысып, адамдардың денсаулығына қауіп төндірген Қызылжар ауданы тұрғынын ұстады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-бабы 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) бойынша хаттама толтырылды.

– Барлығы жыл басынан облыста ҚР діни заңнамасын 16 бұзушылық тіркелді. Көбіне жиі кездесетіні интернеттегі діни материалдардың жариялануы. Бұзушылықтардың санын азайту үшінбасқарма қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізуде. Білім беру мекемелерінің оқушыларымен, ұйымның еңбек ұжымдарымен кездесу кезінде заңнама талаптары, экстремистік ағымдардың тарапынан болатын қаупі туралы айтылады. Солтүстікқазақстандықтардан заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, — деп хабарлайды СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру