Қызылорда тұрғыны қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа алданып қалды
Қызылорда тұрғыны қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды. Азаматшаның айтуынша, танысы қайтарымсыз грант алып беремін деп сеніміне кіріп, 672 мың теңге көлемінде ақшасын өзіне аудартып алған. Осы күнге дейін әйел уәде етілген несиені де ақшаны да қайтармаған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті әйел ұсталды. Ол Қызылорда қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.