Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жер алып беремін”: Алматы облысының полицейлері 7 тұрғынды тақырға отырғызып кеткен күдіктіні құрықтады

Алматы облысының полицейлері жеті тұрғынды тақырға отырғызып кеткен күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпан күні Жамбыл ауданының ПБ кезекші бөліміне Жамбыл ауданының тұрғындары белгілі бір азаматтың Қайназар ауылынан жер телімін алып беремін деп алаяқтық жолмен 7 млн теңгені жымқырып кеткендігі туралы арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен, 3-бөлігі 4-тармағымен полиция бөлімінде тіркелді.

– Аталған қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің айтуынша, белігілі бір азамат Қайназар ауылынан жер алу үшін әрқайсысынан 1 млн теңге көлемінде ақшаны жымқырып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ұзынағаш ауылының тұрғыны – 34 жастағы күдікті ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындады. 10 ақпанда күдікті Жамбыл АПБ-нің УҰИ-на қамауға алынды, – деді  Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Омаров Айдар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру