Қызылорда түрмесінде жыл басынан бері 3 ұялы телефон тәркіленді
Қызылорда түрмесінде жыл басынан бері үш ұялы телефон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің режим және жедел бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын дер кезінде анықтап, оларды жою және болдырмау шараларын атқаруда.
Сотталғандармен кездесуге келген адамдарға ҚР Қылмыстық кодексінің нормалары және жазасын өтеп жатқандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардарды енгізгендердің заң алдындағы жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
– Мекемеде жыл басынан бері үш дана ұялы телефон тәркіленген. Оның екеуі мекемеге өткізбекші болған жағдайда анықталса, біреуі мекеме ішіне тінту шараларын жүргізгенде анықталған. Тәркіленген айғақ заттардың құжаттары Қызылорда қалалық сотына жолданып, сот қаулысымен ҚР ҚАК-нің 98-бабының 6-трамағына сәйкес мемлекет пайдасына өндірілді, – деді мекеменің режим тобының аға жедел уәкілі Ә. Рахманов.
Мекеме бастығымен бекітілген кестеге сәйкес күнделікті сотталғандарды тінту шаралары жүргізіліп, тасымалды бейнекамераларға түсіріліп, жазбасы терминалға сақталады.
Сонымен қатар мекеменің ішкі күн тәртібін бұзған сотталғандар да кездеседі. Ағымдағы жылы мекеменің ішкі күн тәртібін бұзған үш сотталғанға ҚР ҚАК-нің 96-бабының 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстыру жөнінде сотқа ұсыныс берілді. Қазіргі уақытта сот қаулысымен екі сотталғанның ісі қанағаттандырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін қауіпсіздігі орташа мекемеге жіберілді.
Жыл басынан ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден 112 сотталған босатылды, оның төртеуі шетелдік.