Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаштық полицейлер қала тұрғынынан тіркелмеген қаруды алды

Балқаштық полицейлер қала тұрғынынан тіркелмеген қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусымда “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды облысы Балқаш қаласы полиция бөлімінің экстремизмге қарсы бөлімінің қызметкерлері тіркелмеген қару сақтады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті тұратын пәтерді қарау кезінде полицейлер ұңғылы мылтық пен оған арналған он патронды тауып алды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру