Қызылордада 1 күнде ЖҚЕ бұзған 420 жүргізуші анықталды
Қызылорда облысы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.Шараның бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 420 дерегі анықталды. Оның ішінде оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар көлiк құралдарын басқарған – 24, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған – 19, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырған – 51, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамаған – 87, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өткен – бес, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – тоғыз, соқтығысу сәтін туғызудың екі фактісі анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның басқаруына берудің бес, құжаттары жоқ адамның көлiк құралын басқарудың – 13, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамаудың – 18, мотокөлік жүргізушілермен – 70, заңсыз жолаушылар тасымалдаудың бір дерегі, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзудың тағы бір деректері анықталды.
20 автокөлік айып тұрағына қойылып, 12 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда және басшылықтың қатаң бақылауында.