Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз келуші-2021: Түркістан облысында 18 шетел азаматына әкімшілік хаттама толтырылды

Түркістан облысында “Заңсыз келуші-2021” іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен бірлесіп, Түркістан облысы ПД нұсқауына сәйкес “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау.
Шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 18 шетел азаматына әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар жалпы аудан көлемінде 28 нысан тексеріліп, көші-қон заңнамасын бұзған 64 азамат анықталды. Оның 50-і шетел азаматтары болса, қалғаны ҚР азаматтары.
Мысалы, Ордабасы ауданына қарасты демалыс орнында заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан төрт шетел азаматы анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, елден аластатылды. Ал жұмыс беруші ҚР азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша ескерту жасалды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру