Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада кабель ұрлаушылар оқиға орнында ұсталды

Ақмолада кабель ұрлаушылар оқиға орнында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біржан сал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кәсіпорындардың бірінде мыс өнімдерінің ұрлығы ашылды. Залалдың жалпы сомасы бес миллион теңгеден асады. Бұған дейін полицияға кәсіпорын әкімшілігінің “М-95” маркалы жерге тұйықталмаған мыс кабелін жүйелі түрде ұрлап кеткен белгісіз адамдарға қатысты шара қолдану туралы мәлімет келіп түскен.

Бірнеше ай бойы полиция күдіктілерді бақылап отырды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде бірнеше рет жасалған қылмыстардың мән-жайлары құжатталған. Күдіктілер тағы бір мыс бұйымдарын ұрлаған кезде қаскүнемдерді ұстау мүмкін болды.

Топқа 28 жастан 38 жасқа дейінгі Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының үш тұрғыны кірген.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру