Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік мас мотоцикл жүргізушісі қамалды

Ақтөбелік мас мотоцикл жүргізушісі қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерді анықтау үшін тұрақты негізде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

Өйткені, жүргізуші мас күйінде көлік жүргізу үшін тек өміріне ғана емес, сонымен қатар барлық жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді.

14 шілде күні “Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Әйтеке би ауданы Қарабұтақ кентінің патрульдік полиция қызметкерлері 38 жастағы ер адамның басқаруындағы мемлекеттік нөмірсіз мотоциклді тоқтатты.
Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шықты, медициналық сараптамадан кейін жүргізушінің мас болғаны анықталды. Сол жерде ер адамның мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КО-ны басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Мотоцикл аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылған. Мотоцикл жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы тағы да ескертеді. Ешқандай жағдайда рульге масаң күйде отырмаңыз. Егер сіз жүргізушілердің заңсыз әрекеттерінің куәгері болсаңыз, бірден “102” нөміріне қоңырау шалыңыз. Есіңізде болсын, сіз өзіңізді ғана емес, өмірді де сақтай аласыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру