Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 1​ миллион теңгені жымқырған алаяқ әйел сотталды

Қызылордада 1​ миллион теңгені жымқырған алаяқ әйел сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына үш қала тұрғыны ақшасын қайтаруға арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, осы жылдың ақпан айында күдікті әйел Қызылорда облысының жедел жәрдем орталығына жүргізуші қызметіне жұмысқа орналастырып беремін деп бір милион теңге көлемінде ақшаларын алдап алған.

Көп ұзамай жәбірленушілер ешқандай нәтиже көрмей, ақшасын қайтаруды талап етеді. Бірақ, ақшасын алдау жолымен иемденген алаяқ қаражатты қайтаруға асықпаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны ​ ұсталды. Күдікті толығымен өз кінәсін мойындады.

Оның іс-әрекеті​ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қаласының №2 сотының 2021 жылдың 28 шілдеде үкімі негізінде айыпталушыға төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру