Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 13 мотокөлік айыптұраққа қойылды

Қызылордада 13 мотокөлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы аумағында мотоцикл құралдарының қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу, оның ішінде мас жүргізушілерді анықтау мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының 13-17 күндері аралығында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бір күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 57 дерегі анықталып, 13 мотокөлік айып алаңдарына қойылды.

Мысалы, 12 шілде күні ішімдік ішкен Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғыны басқару құқығы жоқ бола тұра «Урал» маркалы мотокөлікті жүргізгені анықталды. Тәртіп бұзушыға қатысты екі хаттама рәсімделді Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі). Жүргізуші Қазалы ауданы сотының қаулысымен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру