Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзгенің атынан микронесие алған шымкенттік алаяқ ұсталды

Өзгенің атынан микронесие алған шымкенттік алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 шілдесінде Қаратау АПБ-ның “102” нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу оның атынан заңсыз онлайн түрде микронесие мекемесінен 135 000 теңге несие алғанын және қазіргі таңда аталған несиенің өсімі 340 000 теңге құрағанын көрсеткен.

Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған тұрғынның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру