Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері иттерді серуендету ережелерін еске салады

Ақмола полицейлері иттерді серуендету ережелерін еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабының 1-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу) бойынша 3 033 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Учаскелік инспекторлар ақмолалықтарға иттерді ұстау ережелерін түсіндіретін аулаларды аралау тұрақты негізде жүргізіледі.

Полиция қызметкерлері ақмолалықтарға адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте және басқа да қоғамдық орындарда жануарларды қысқа мойын жіппен және тұмылдырықпен ұстау қажеттігін ескертеді. Иттерді түнгі уақытта серуендеткен кезде (сағат 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін) үй жануарларының иелері азаматтардың қалыпты демалуы мен тыныштығына кедергі келтірмейтін тыныштықты сақтау шараларын қабылдауы қажет.

Тәртіп сақшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабына сәйкес иттерді серуендету кезінде тұмылдырық және мойын жібі сияқты қажетті атрибуттардың болмағаны үшін ескерту немесе үш АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл көзделгенін еске салады.

Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілген жағдайда 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері құтыру ауруына қарсы міндетті вакцинациядан өтпеген иттерді серуендеуге тыйым салынғанын еске салады. Иттер қоршалған аумақта ұсталуы тиіс, қоршау жануардың қашып кетуін, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуыл жасауын және өтіп бара жатқан адамдардың тістеуін болдырмауы тиіс. Жануарлардың құқықтық режимін анықтайтын басқа да актілер бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру