Қызылордада 2 күнде полицияға 116 жасөспірім жеткізілген
Қызылордада «Жасөспірім-Көше» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның екі күнінде полиция органдарына барлығы 116 кәмелетке толмаған жеткізілді.
Оның 104-і түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жеткізіліп, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылса, біреуі қаңғыбастық пен кезбелікке салынғаны үшін облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Сондай-ақ Қызылорда облысының ПД жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берудің (ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы) алты дерегі, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы) үш дерегі анықталды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған (ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы) үш ата-ана, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрген (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы) 97 бала анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік шаралар қолданылды.