Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ауыл тұрғынынан 625 литр спирт тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ауыл тұрғынынан 625 литр спирт тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыртау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан орталығы Саумалкөл тұрғынының гаражынан бес литрлік 125 бөтелкеге құйылып, сатуға дайындап қойған құрамында спирті бар өнімді тәркіледі.

Учаскелік полиция инспекторлары ешқайда жұмыс істемейтін 41 жастағы ер адам жасырын араластырылған спиртті сатып келген. Заңсыз алкоголь алынып, сараптамаға жіберілді, кәсіпкерлікпен заңсыз айналасқаны үшін аудан тұрғынына қатысты әкімшілік материал жинастырылып, сотқа жіберілді. Аталған факті облыста ақпанның 9-нан 12-сі аралығында өткізілген “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. Мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу. Полицейлер профилактикалық есептерде тұрған адамдарды тексеріп, құқық бұзушылықтарды жасауға бейім тұлғаларды анықтады. Алкогольдік өнімдерді сатуда заңдылықтың сақталуы ерекше назарда. Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстағы зорлық-зомбылық ащы суды асыра пайдаланумен тығыз байланысты.

– Рұқсатсыз сатылған алкоголь тек денсаулыққа ғана зиян келтірмейді, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. – Спирттік ішімдіктерді үйден сату немесе алкогольді сағат 23-тен кейін өткізу – мас жанжалқойдың жанжал шығарып, ауыр дене жарақаттарын келтіруіне алып келуі мүмкін.

Іс-шараның үш күнінде СҚО полицейлері алкогольдік өнімдерді сату заңнамасы талаптарының 14 бұзушылығын анықтады. Үш мыңнан астам тұрмысы қолайсыз отбасы, маскүнемдер мен мәселені жұдырықпен шешуге бейім есептегі тұлғалар тексерілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 38 фактісі тіркелді, олардың жетеуі үй-үйді аралау кезінде анықталды. Жалпы 530 құқық бұзушылық тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру