Қызылордада 24 жастағы сотталушы қалыңдығымен некеге тұрды
Қызылордада 24 жастағы сотталушы қалыңдығымен некеге тұрды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ЗК-169/1 тергеу изоляторында сотталушы жігіт қалыңдығымен ара-қатынасын заңдастырды.
- Бұл жағдай қамаудағы азаматтың санасын жағымсыз ойлардан арылтып, жігерлендіріп, оң ықпалын тигізетіні анық, - деді мекеме бастығының орынбасары Қ. Олжабаев.
24 жастағы жігітке ҚР ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша айып тағылып, тергеу жүргізілуде. Қылмысы дәлелденсе, біраз жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
- Мен жігітімнің құқық бұзып, теріс әрекет жасағанын түсінемін, әйтсе де бұл сәтті тағдырымның сынағы деп қабылдадым. Сондықтан сын сәтте оны қолдап, адал жары бола алатындығымды білдіру ниетіммен осындай шешімге келдім, - деді қалыңдық