Солтүстік Қазақстан облысында есепте тұрған сотталған фермер шаруашылығына жұмысқа орналасты
СҚО-да есепте тұрған сотталған фермер шаруашылығына жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметі қылмыстық атқару жүйесінің органы ретінде қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшаулаусыз орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асырады және есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем береді.
СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобы және «Ақтай» фермер шаруашылығымен есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөнінде меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобында жұмысқа орналасуды қажет ететін бас бостандығын шектеуге сотталған С. есімді ер адам жұмысқа орналасты.
– Жұмыс істеймін және біртіндеп түзу жолға түсемін. Жұмыстан қорықпаймын, адал еңбек етіп, адал өмір сүремін, – деді сотталған С.