Қызылордада 37 ассенизатор көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылды
Қызылордада 37 ассенизатор көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында экологиялық ахуалға кері әсерін тигізетін ассенизатор қызметтерінің заңсыз әрекеттері тұрғындар арасында қызу талқыға түсіп, наразылық тудырды. Осыған байланысты, ассенизаторлық қызметпен айналысушылар қала аумағын ластау, автокөліктерін заңсыз қайта жабдықтау, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуда. Осы тұрғыда Қызылорда қаласы полиция басқармасы тарапынан ассенизатор автокөліктері бойынша күнделікті жұмыстар атқарып келеді.
Жыл басынан бері 37 ассенизатор автокөлігіне хаттама толтырылып, айып алаңына 7 автокөлік қойылды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 1-бөлігімен 6 автокөлік иесіне хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 2 бөлігімен 10 автокөлік иесіне хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды.
Белгіленбеген жерлерге кәріз су төккендері үшін шара қолдану мақсатында Қызылорда қаласының әкімшілігіне бір ұсыныс, Қызылорла қалалық су жүйесі мекемесіне бір ұсыныс жолданды.
Ассенизатор автокөліктерінің белгіленбеген жерлерге кәріз су қалдықтарын төктірмеу бағытында басқарма бастығының қатаң бақылауына тұрғандығын және күнделікті бұл бағыттағы күрес жұмыстары өз жалғасын табады.