Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 3 жылға сотталды

Қарағанды облысының тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 3 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды-Жолаушылар станциясындағы теміржол бойындағы гараж алабында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы көліктегі ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Фараби Елубаев айтты.

Оның айтуынша, жеке тінту барысында ұсталған адамнан мефедрон синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді.

– Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ақпанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен қаскүнем 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – Фараби Елубаев.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 70 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде төрт өткізу фактісі, жеті аса ірі мөлшерде сақтау дерегі болды. Заңсыз айналымнан 25 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру