Қызылордада 504 сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді
Қызылордада 504 сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14-24 наурыз аралығында Қызылорда қалалық пробация қызметі, прокуратура, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп “Пробация” республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізді. Аталмыш шара аясында пробация қызметінің есебіндегі 504 сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріледі.
Шараның басты мақсаты – бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қайта қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесу.
Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығы Ж. Есмахановтың айтуынша, қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде 504 сотталған тұр.
– “Пробация” РПШ өткізу кезінде сотталғандармен олардың тұрғылықты жері бойынша мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қоса, қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандарға ерекше назар аударылды. Жаза өтеуден қасақана жалтарған бір сотталған азаматтың бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру және екі сотталғанның шартты мерзімін ұзарту бойынша Қызылорда қалалық сотына ұсыныстар жолданды. Сондай-ақ, тексеру барысында 10 сотталған азамат тұрғылықты мекенжайында болмады. Оларға қатысты жазбаша ескеру толтырылып, жеке істеріне тігілді, – деді Жалғас Есмаханов.