Қызылордада әйел тергеу изоляторында қамауда отырған күйеуіне телефон өткізбек болды
Қызылордада әйел тергеу изоляторында қамауда отырған күйеуіне телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
22 шілде күні сағат 16:35-те Қызылорда облысының ЗК-169/1 тергеу изоляторының сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі қызметкерлер қамаудағы азаматқа әкелінген тағамның ортасынан тыйым салынған зат тапты.
Әкелінген азық-түліктерді ашып, тексеру барысында Nokia телефоны мен бір Beeline SIM-картасы табылды.Тексеру барысы бөлмеде орнатылған бейнебақылауға және қызметкерлердің кеудесіндегі бейнетіркегішке жазылды.
Осылайша күйеуіне көмектесемін деп телефон әкелген Қызылорда қаласының тұрғыны енді өзі жауапқа тартылады. Себебі бұл азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды.