Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Қауіпсіз жол” айлығы аясында 521 құқық бұзушылық тіркелді

Қызылорда облысында “Қауіпсіз жол” айлығының екі күнінде 521 құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Облыс көлемінде 19 шілде мен 18 тамыз аралығында өтіп жатқан “Қауіпсіз жол” айлығы іс-шарасының алғашқы екі күнінде 521 құқық бұзушылық анықталды.

Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз, хабарлама жібермей кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысудың – 3, медициналық қарап-тексеруден өтпеудің – 2, заңсыз қайта жабдықтаудың – 16, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген – 57, ұялы телефонмен сөйлесудің – 26, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың – 5, қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 108, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 18, құжатсыз автокөлік басқару бойынша – 34, жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеудің – 30, маневр жасау ережесін бұзудың – 43 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру