Қызылордада аудан тұрғыны қалтасына марихуана салып жүрген
Қызылорда облысында қалтасында марихуанасы бар аудан тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қаңтар күні сағат 13:30 шамасында Қазалы ауданында полицияға ауыл тұрғыны хабарласып, ішіп алған белгісіз біреудің мазасын алып жатқандығы туралы айтқан.
Полиция қызметкерлері тексеру барысында оқиға орнында ұсталған құқық бұзушының күртешесінің қалтасынан газет қиындыларына оралған ерекше иісі бар екі дана орама алынды. Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар – жалпы салмағы 20 гр кептірілген марихуана екендігі анықталған.
Күдікті бұрын істі болған 42 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.