Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары пәтер ұрлығын жасаған жас жігітті әшкереледі

Қызылорда облысында пәтер ұрлығын жасаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың қаңтар айының 31 күні түнгі уақытта Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Қожакент ауылының тұрғыны белгісіз біреудің үйінің терезесін сындырып кіріп, қонақ бөлмесінен қымбат теледидарын және жатын бөлмесінен нан пешін ұрлап кеткені туралы арызданған.

Аудандық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде осы қылмысты жасаған бұрын сотты болған 23 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру