Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қымбат бағалы заттарды қолды еткен ұры құрықталды

Қызылордада қымбат бағалы бұйымдарды қолды еткен ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1978 жылы туған облыс орталығының тұрғыны ұрлық дерегі бойынша шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу үйінің пластикалық терезелерін күштеп ашып кіріп, шкаф ішінде тұрған мутон тонын, інжу, гауһар тастары бар алтын бұйымдарын және де швейцариялық бірнеше қол сағатын ұрлап әкеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын екі миллион теңге.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында осы қылмысты жасаған бұрын сотты болған, облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицейлер күдіктінің бұдан өзге де ұрлықтарға қатысы бар-жоғын анықтауда. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру