Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полицейлері сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы шаралар қабылдауда

Маңғыстау облысының Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпанда Маңғыстау облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшылығының қатысуымен жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу мәселелеріне арналған кеңес өткізілді.

Кеңес барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Әсет Ізбасар мен аға тергеушісі Али Абдулов полиция қызметкерлеріне қатысты заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Қайрат Байгебаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына енгізілген түзетулер мен толықтырулар туралы түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру