Қызылордада бейнекамералардың көмегімен 700-ден астам құқық бұзушылық тіркелді
Қызылордада бір апта ішінде Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы 737 құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық ПБ Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Бір аптада 102 нөмеріне 900 хабарлама келіп түсті. Ал Жедел басқару орталығының көмегімен 737 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамауы) – 24 бұзушы, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 63 жүргізушіге, 596-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзуы) –18, 597-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзуы) – 20, 600-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамауы-) 57 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Мәселен, 25 қарашада ЖБО бейнебақылау инспекторлары Ғ.Мұратбаев көшесі бойындағы жол ережелерін бұзған автокөлік анықталды. Көлік жүргізушісі жолдың қос сызығын кесіп өтіп, қарсы бағытқа шыққан.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны тоқтатып, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамауы) және ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен (Көлік құралының жолдың жүріс бөлігінде орналасу, қарсы разъезд немесе басып озу ережелерін бұзу) хаттамалар толтырылып, жиналған материалдарды сотқа жолдады.
Сонымен қатар апта көлемінде бейнебақылау камераларының көмегімен екі қылмыс ашылды.