Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде көлік басқару құқығынан айырылған такси жүргізуші ұсталды

Семейде көлік басқару құқығынан айырылған такси жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кезекті рейдтік іс-шара барысында қала орталығындағы Дулатов көшесінің бойында LADA 2111 көлігінің 28 жастағы жүргізушісін тоқтатты.

Оның құжаттарын тексеру кезінде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметі заңсыз екендігі анықталды. Жас автокөлік жүргізушісі бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған екен.

Қазіргі уақытта такси жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған баптың санкциясымен 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру