Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бір айда 10 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада бір айда 10 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада қаңтар айы бойынша 9916 құқық бұзушылық анықталған.

Әкімшілік құқық бұзушылық деректерін автоматты түрде анықтайтын (Аркан, Интегра КДД, Мираж) құрылғыларымен 2361 құқық бұзушылық анықталған.

Автоматты жүйеде жұмыс атқаратын бейне камераларымен құқық бұзушылық анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 822-1 бабының 3-бөлігінің (Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде көлік құралының меншік иесіне) талаптарына сәйкес ұйғарым шығарылып, электронды түрде ГЭП (Гибридттік электронды почта) қызметі арқылы көлік тіркелген иесінің мекенжайына жіберіледі.

Полиция департаменті қала тұрғындарын жол жүру ережелерін бұзбауды, жылдамдық режимін сақтауды және ескерту белгілеріне назар аударуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру