Қызылордада бір күнде көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдік анықталды
Қызылорда облысында бір күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде мобильді топтар шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларына, құрылыс нысандарына, базарларға рейдтік іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде азаматтығы жоқ, көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 15 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) үш хаттама және ӘҚБтК-нің 519-бабымен (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) үш хаттама толтырылды.
Өзбекстан Республикасының екі азаматы ел аумағынан шығарылды. Іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды.