Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық оқушылар полицейлер ұйымдастырған ән байқауына қатысты

Қызылордалық полицейлер білім беру мекемелері  арасында есірткіге қарсы әндерді орындау сайысын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы орта, жоғары оқу орындарының хор топтары арасында есірткіге қарсы әндерді орындау сайысын ұйымдастырды.

Сайыстың негізгі мақсаты– жастар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы иммунитетті дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалауға үйрету болып табылады.

Сайыс қорытындылары бойынша Қазалы ауданының №266 мектеп-лицейінің хор ұжымы 1 орынды, Сырдария ауданының №135 орта мектебінің хор ұжымы 2 орынды, Қармақшы ауданының №274 орта мектебінің хор ұжымы 3 орынды иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру