Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада болған жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші ажал құшты

Қызылордада болған жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz

1 қыркүйек күні Қызылорда қаласындағы сол жағалауда жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп келе жатқан жаяу жүргіншіні КамАЗ жүк автокөлігі қаққан. Салдарынан 29 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Кінәлі жүргізуші ұсталды.

Орын алған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру