Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО полицейлері аң аулау қағидаларын бұзудың 400 фактісін анықтады

Жыл басынан СҚО полицейлері аң аулау қағидаларын бұзудың 400 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжірибе көрсеткендей, табиғат аясында демалушылар атуға дайындалған қаруды тасымалдай отыра аң аулау қағидаларын жиі бұзады. Бұл өрескел бұзушылыққа жатады: қару оғы алынған, бұзылған және қару қабына салынған күйде тасымалдануы қажет. Полицейлер рейд барысында ішімдік ішкен аңшыларды жиі кездестіреді. Бұған қатаң түрде тыйым салынған.

– Полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын сақтау бойынша аңшылық және орман шаруашылығы өкілдерімен бірлесіп тұрақты түрде рейд өткізеді. Аңшылық маусымы ашылуына байланысты бұл жұмыс күшейтілді. Бүгінгі таңда суыр, балшықшы, бөдене мен көгершін, қаз, үйрек, қасқалдақ аулау маусымы ашылады. Қыркүйектің алғашқы күндерінен жанат тұқымдас итті, борсық, кекілік аулауға рұқсат етіледі. Сол немесе басқа да құстар мен жануарларды аулаудың нақты мерзімі тиісті ведомство ұсынатын ресми ақпаратта көрсетілген. Заңнама талаптары мен қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

Полицейлердің басты кеңесі: қаруды сақтау және қолдану рұқсатының мерзімі өтпегеніне көз жеткізіңіз. Қажет болған жағдайда жаңа рұқсат ресімдеңіз, өйткені әкімшілік жауапкершілікке тартылуыңыз әбден мүмкін. Қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен ғана тұяқты жануарларды аулауға болатынын естен шығармаған жөн.

Тамыз айының соңында табиғатты қорғау полиция қызметкерлері рейд кезінде қаруды заңсыз сақтаудың 3 фактісін, аңшылар мен балықшылардың тарапынан болған 64 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Барлығы жыл басынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша 439 және ҚР ӘҚБтК 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша 250 факті анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру