Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бөтеннің автокөлігіне зақым келтірген бұзақылар ұсталды

Қызылордада бөтеннің автокөлігіне зақым келтірген бұзақылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 наурызда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны хабарласып, белгісіз адамдардың оның көлігіне зақым келтіргені туралы шағымданған. Тексеру барысында жәбірленушінің үйінің алдында тұрған көлігінің терезесі мен айнасының сынғаны белгілі болды.

Өткізілген жедел-іздестіру шараларының барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 және 21 жастағы екі ер азамат анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігіне (Бұзақылық) сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру