Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бұрын сотты болған азамат темір ұрлаған

Қызылордада бұрын сотты болған азамат темір ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің жедел уәкілдерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлықтың “ізі суымай” ашылды. Ұры құрылысы толық бітпеген ғимарат ішіне пластик терезесін күштеп ашып, ішке кіріп, құны 120 мың теңгені құрайтын құрылыс заттарын ұрлап кеткен. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды полицейлер жүзеге асырды.

Күдікті жасаған қылмысын мойындап, ұрлаған заттарды өткізіп, пайда көрмек болғанын айтқан. Айғақ зат ретінде ұрланған заттар алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұрлық қылмысына күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру