Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада дәмханадан телефон ұрлаған күдікті қолға түсті

Қызылордада дәмханадан телефон ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қаласы ПБ кезекші бөліміне 19 жастағы облыс тұрғыны арызданды. Белгілі болғандай, 19 қазан күні қала аумағында орналасқан дәмханалардың бірінде сағат 14:00 мен 15:30 шамасында сөре үстінде тұрған Oppo телефонын белгісіз біреу жасырын түрде ұрлап кеткен. 

Басқарма қызметкерлерінің, жедел уәкілдердің кәсіби шеберлігінің, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлықтың ізі суымай ашылды. Ол 35 жастағы облыс тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру