Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті құрықталды
Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық ПБ Тасбөгет полиция бөліміне дүкен иесі арызданды. Белгісіз біреу азық-түлік дүкенінің пластик терезесін күштеп ашып кіріп, ішінен бір ноутбук және тұрмыстық заттарды ұрлап кеткен.
Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде учаскелік полиция инспекторлары күдікті 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Осы орайда полиция қызметкерлері дүкен иелеріне аса мұқият болуын және бейнебақылау камераларына дабыл жүйесін орнатуды сұрайды.