Қызылордада «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде
Қызылордада «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың мамыр айының 12-14 күндері аралығында облыс аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Негізгі мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу. Талдауды жүргізу, нәтижелерді жинақтау үшін іс-шара өткізу кезінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасы, Тергеу басқармасы, Анықтау басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-іздеу топтары құрылды. Бұл жұмыстар бақылауда.