Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Hi-tech” жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қызылордада “Hi-tech” жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 12-14 күндері аралығында облыс аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Негізгі мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу. Талдауды жүргізу, нәтижелерді жинақтау үшін іс-шара өткізу кезінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасы, Тергеу басқармасы, Анықтау басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-іздеу топтары құрылды. Бұл жұмыстар бақылауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру