Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада каналдан темір шлюз ұрлаған үшеу ұсталды

Қызылордада каналдан темір шлюз ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың қыркүйек айында Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылынан 15 шақырым жердегі каналдан үш дана темір шлюз ұрланған болатын. Мұндай темір шлюздердің біреуі шамамен бір миллион теңге тұрады. Ұрылар оқиға орнынан үш млн теңгенің мүлкін қолды қылған.

Бұл факт бойынша жедел-іздестіру іс -шараларын өткізу барысында темір ұрлаған үш азамат ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Енді темір ұрлап, жеңіл жолмен пайда тапқысы келген тұрғындар заң алдында жауап беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру