Қызылордада көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші анықталды
Қызылордада көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 сәуір күні Қызылорда облысы ПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімінің қызметкерлері 31 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Toyota Camry көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқару дерегін анықтады.
Қазіргі таңда құқық бұзушыға көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айып алаңына қойылды.
Аталған кодекстің 684-бабына (Соттар) сәйкес, жинақталған құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолданатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.