Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мақтааралдық тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді

Полицейлер мақтааралдық тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы жылқысының жоғалғаны туралы арызданған. Арызданушы алғашқыда өзі іздеген. Содан еш нәтиже болмаған соң полицейлерден көмек сұраған.

Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған жылқыны іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізді.

Бұған қоса, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді де тексерді. Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін Мақтаарал АПБ-ның полицейлері жоғалған жылқыны 10 шақырым жерде орналасқан тоғай ішінен тапты. Табылған жылқы иесіне қайтарылды.

– Мен жылқымды жоғалтып, Мақтаарал ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден малымды іздей бастады. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рақмет, – деді ауыл тұрғыны полицейлерге.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру