Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында  Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде JAC көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікті тізгіндеген 41 жастағы облыс тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны және оның 2020 жылдың қыркүйек айында сот шешімімен жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғаны белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері оны наркологиялық диспансерге жеткізді. Сараптама қорытындысына сәйкес, азамат «орта дәрежедегі» масаң күйде болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік қазіргі уақытта айыппұл алаңына қойылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру