Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші рөлге қайта отырған
Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші рөлге қайта отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында 17 маусым күні сағат 01:50 шамасында жол жүрісі қағидаларын бұзған УАЗ автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің бұрын сот шешімімен 2021 жылы 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 34 жастағы жүргізушінің автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.