Қызылордада көліктерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Қызылордада көліктерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында автокөліктерден ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы қызылордалықты ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің күндізгі уақытта тұрғын үйдің ауласында бейнебақылау камераларының, дабылдың жоқтығын пайдаланып, Audi маркалы автокөлігінің есігін кілт іріктеу арқылы ашып кіріп, ішінде тұрған әмиян ішінен ақшасы мен ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Араға бір апта салып ол тағы бір көліктен ұрлық жасаған. Ер адам автокөліктің терезесін сындырып, зат салғыш ішіндегі әмиянын ұрлап кеткен.
Қаскүнем дабыл жүйесі жабдықталмаған және иелері күзетілмеген тұрақтарда қалдырған көліктерді таңдаған. Ол ұрланған ақшаларды өз қажеттілігіне жұмсап, ұялы телефонды сатып жіберген. Бұрын әкімшілік істерге қатыстылығы бар күдікті өз кінәсін толықтай мойындады, оның осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығы анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды.