Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көліктеріне жалған тіркеу нөмірін тағып жүргендер анықталды

Қызылордада екі жүргізуші көліктеріне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде облыс орталығында көліктеріне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан екі жүргізушіні анықтады.

Атап айтқанда, “Ниссан патрол” автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып алған 36 жастағы қала тұрғыны анықталды. Сонымен қатар аталған жүргізушіге белгіленген жылдамдық режимін бұзғаны үшін құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын “Аркан”» құрылғысы 14 585 теңге көлемінде айыппұл салған.

Бұдан басқа “Камаз” автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып алған 31 жастағы жүргізуші ұсталды. Жүк көлігінің жылдамдық режимін төрт рет бұзғаны анықталды, оған 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі таңда құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігімен (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралдары айыппұл тұрағына қойылды, жинақталған құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру